Қар 26, 2023 20:56 Asia/Almaty
  • Бір күнде 24 украин дроны құлатылды

Ресей Қорғаныс министрлігі жексенбі күні осы ел әуе-қорғаныс кешенінің Ресей мен Украинаның кейбір аудандарының көгінде бір күнде кемінде 24 украин дронын құлатқанын хабарлады.

ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде: "Мәскеу уақыты бойынша бүгін таңғы сағат 09:30-да Киев режимінің Ресей территориясындағы нысандарға лаңкестік шабуыл жасауға талпынысына тосқауыл қойылды",-делінген.

Сенбі күні Украина басшылары Мәскеу дрондарының соғыс басталғалы бері Киевке ең ірі шабуыл жасағанын хабарлады.

Украина басшылары: "Өткен 24 сағатта Ресейдің 70-тен аса дронының Украина астанасына шабуылы салдарынан кемінде 5 адам жараланды. Дрондық шабуылдар сенбі күні таңертең ерте басталды. Әуе шабуылы туралы дабыл 6 сағатқа созылды",-деді.

Тегтер