Қар 26, 2023 21:08 Asia/Almaty
  • Америкалықтардың бір тобы сионистік режимге оқ-дәрі жасайтын зауыттың алдында митинг өткізді

Бұл митинг Сент-Луис қаласындағы Boeing зауыты алдында өтті. Шерушілер осы компанияның оқ-дәрілерін басып алынған жерлерге жіберуді тоқтатуды талап етті.

Boeing компаниясы үш жыл бұрын АҚШ әуе күштері үшін ұсақ бомбалар жасауға 2,2 млрд долларлық тендерді жеңіп алды. АҚШ үкіметі осы компания өнімдерінің бір бөлігін сионистік режимге жібереді.

 

Тегтер