Канани: Сионистік режим Газада авантюристік әрекеттерін жалғастыруды қалайды
(last modified Mon, 27 Nov 2023 14:23:28 GMT )
Қар 27, 2023 20:23 Asia/Almaty
  • Канани: Сионистік режим Газада авантюристік әрекеттерін жалғастыруды қалайды

ИИР СІМ-нің ақпарат өкілі: "Айғақтар мен куәлер көрсеткендей, сионистік режим Газада авантюристік әрекеттерін жалғастыруды қалайды. Халықаралық қауымдастық бұған тосқауыл қоюы керек",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани дүйсенбі күні апталық баспасөз отырысында Газаның болашағы және АҚШ-тың Газа ісіне араласуы туралы: "Палестина мәселесінде өткен бірнеше онжылдықта АҚШ шешім жолының бір бөлігі емес, қиындықтың бір бөлігі болды. Соңғы Газа соғысында да АҚШ үкіметі іс жүзінде оның бір бөлігі ғана емес, тұтас ұйымдастырушысы болды. АҚШ үкіметі болмағанда бұл соғыс болмаушы еді. Өйткені ол Газаның қорғансыз халқына қарсы соғыс пен геноцидті болдырмау үшін сионистік режимге ықпал ете алады",-деді.

Канани: "АҚШ үкіметі Газаға қарсы соғыста қол жеткізе алмаған мақсаттардың барлығын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі арқылы саяси жолдармен орындауды қалайды. Палестина халқы ешбір тарапқа заңсыз мақсаттардың орындалуына жол бермейді. Палестинаның тағдырын оның халқы шешеді",-деді.

Канани: "Палестина халқы өз болашағына қатысты шешім қабылдауға құқылы. АҚШ үкіметі өткеннен сабақ алып, егер көмектескісі келсе, реалистік шешім жолын ұсынғаны дұрыс",-деді.    

Тегтер