Джордж Флойдты өлтірген полиция қызметкері түрмеде қаза тапты
Қар 27, 2023 22:01 Asia/Almaty
Америкалық қара нәсілді Джордж Флойдты өлтірген полиция қызметкері түрмеде қаза тапты.
АҚШ полициясы жексенбі күні Аризона штатындағы түрмеге қамалған Дерек Шовиннің пышақталып өлтірілгенін растады.
Бұған дейін АҚШ полициясы Джордж Флойдты өлтірген полиция қызметкерінің жұма күні Аризона штатындағы түрмеде басқа бір сотталған адамның қолынан пышақталып зақымданғанын хабарлаған болатын.
Миннеаполистің бұрынғы полиция қызметкері Дерек Шовин Джордж Флойдты өлтіргені үшін түрмеде жазасын өтеп жатқан болатын.
2020 жылы 25 мамырда Дерек Шовин Джордж Флойдтың мойнын тізесімен 10 минут басып тұрған. Ол жаяу жүргіншілердің ескертуі мен Джорджтың жанайқайына құлақ аспаған болатын.
Тегтер