ХАМАС-тың жойылуы сионистік режимнің қауіпсіздігінің кепілі емес
Қар 28, 2023 18:03 Asia/Almaty
Ресей президентінің көмекшісі: «ХАМАС-ты жою сионистік режимнің қауіпсіздігінің кепілі емес»,- деді.
Юрий Ушаков Газа секторындағы қазіргі апатқа әскери әрекеттер себеп болғанына тоқталып: «Тіпті ХАМАС-тың басын кесіп, Газа секторын қанға батыру арқылы да Израильдің қауіпсіздігіне кепілдік беру қиын»,- деп айтты. Осы ресейлік қайраткердің айтуынша, «сионистік режимнің ХАМАСқа қарсы әскери әрекеті бұл қозғалыстың белсенділігін шектеп қана қоймай, оның құдыретін күшейтеді».
Газа халқының қарсыласуын қолдауымен қатар Иордан өзенінің батыс жағалауы халқы да соңғы күндері тұтқындарының босатылуынан кейін шерулер өткізіп, қарсыласуын қолдайтындарын жариялады.