Жел 02, 2023 20:10 Asia/Almaty

Бразилияның Сан-Паулу қаласында жүздеген адам Палестина халқын қолдап, Израильдің Газа секторына басып кіруін айыптаған жаппай шеруге қатысты.

 

Шерушілер Газа секторындағы сионистік режимнің өлтірулері мен қылмыстарын айыптап, Палестина жалаулары мен плакаттар ұстап, халықаралық қауымдастықтан осы қылмыстарды тоқтату үшін әрекет етуді сұрады.

Бұл шеруге қатысушылар сонымен қатар Газа секторын қоршаудың тоқтатылуын және гуманитарлық көмектің, әсіресе азық-түлік, дәрі-дәрмек пен жанар-жағармайдың осы аймаққа келуін талап етті.

 

Тегтер