Жел 04, 2023 17:25 Asia/Almaty
  • Иран мен Оман Сыртқы істер министрлері Палестина халқын қолдауды жалғастыру керегін айтты

Иран мен Оман Сыртқы істер министрлері Теһранда кездесіп, Палестина халқын қолдау мақсатында аймақтық және халықаралық деңгейде талпыныстарды жалғастыра беру керегін баса айтты.

Иран Сыртқы істер министрі өзінің омандық әріптесін қарсы алып, бұл кездесуді екі ел арасында екіжақты, аймақтық және халықаралық тақырыптарда сындарлы консультацияларды жалғастыруға және сионистік режимнің Газаға шабуылдарын тоқтатудың жолдарын талқылауға берілген жақсы мұрсат деп атады.  

Амир Абдуллахиан алдағы екі күні Теһранда Иран мен Оманның ортақ экономикалық комиссиясының жиналысы өтетінін айтып: "Оман делегациясының Теһранға іссапармен келіп, ортақ комиссияның жиналысын өткізуі өзара қарым-қатынасты одан ары дамытуға өте жақсы мұрсат болмақ",-деді.  

 

Тегтер