Йемен қолбасшысы: Қызыл теңізді Израиль кемелерінің зиратына айналдырамыз
https://itolqyn.com/news/world-i74206-Йемен_қолбасшысы_Қызыл_теңізді_Израиль_кемелерінің_зиратына_айналдырамыз
Йемен армиясының Жағалауды қорғау бөлімінің қолбасшысы өз елінің Палестина халқын қолдауда құр бос ұрандатумен шектелмейтінін айтып: "Йемен Қарулы күштерінде қажетті мүмкіндіктер бар. Ол Қызыл теңізді Израиль кемелерінің зиратына айналдырады",-деп ескертті.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Жел 04, 2023 17:37 Asia/Almaty
  • Йемен қолбасшысы: Қызыл теңізді Израиль кемелерінің зиратына айналдырамыз

Йемен армиясының Жағалауды қорғау бөлімінің қолбасшысы өз елінің Палестина халқын қолдауда құр бос ұрандатумен шектелмейтінін айтып: "Йемен Қарулы күштерінде қажетті мүмкіндіктер бар. Ол Қызыл теңізді Израиль кемелерінің зиратына айналдырады",-деп ескертті.

Йемен кеше кешке тараған ақпаратты растап: "Йемен Қарулы күштері Газа халқына қолдау ретінде Қызыл теңіздегі Баб әл-Мандеб бұғазында Израильдің 2 кемесін нысанаға алды",-деп хабарлады.

Йемен Қарулы күштерінің баспасөз өкілі Яхия Сари бірінші кемеге бір теңіз зымыранымен, екінші кемеге бір ұшқышсыз ұшақпен шабуыл жасалғанын айтты.