Каспий жағалауындағы елдердің Сыртқы істер министрлерінің кездесуіне шолу
Бүгін (сейсенбі – 5 желтоқсан) Мәскеуде Каспий жағалауы елдері Сыртқы істер министрлері кеңесінің жыл сайынғы отырысы өтті.
Осыған байланысты ИИР-ның Мәскеудегі елшісі Казем Джалали былай деді: "Бұл отырыс ИИР, Ресей, Қазақстан, Түркіменстан және Әзірбайжан, яғги Каспий жағалаудағы елдердің Сыртқы істер министрлерінің жылдық бағдарламасы аясында өтті. Бұл жиынға қатысушылар осы көгілдір аймаққа қатысты маңызды мәселелерді көтерді. Мәскеу кездесуінде олар Каспий жағалауындағы елдер арасындағы осы акваторияның қауіпсіздігі, экономикалық байланыстарды кеңейту, теңіз көлігі, сауда, энергетика, экология және соған байланысты құқықтық мәселелер сияқты әртүрлі салалардағы ынтымақтастық салаларын қарастырды".
Мәскеудегі Каспий жағалауы елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында көлік пен байланыс осы отырыстың маңызды басымдықтары болып табылатын маңызды мәселелер талқыланды. Бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров 2019 жылдың тамызында Түркіменстанда өтетін Каспий экономикалық конференциясы қарсаңында журналистермен сұхбатында: "Мәскеу Каспийді әлемдегі ең үлкен транзиттік жолға айналу мүмкіндігі бар деп санайды",- деген. Каспий теңізінде көліктік-транзиттік ынтымақтастық орнатудың қажетті негіздері Мәскеу кездесуі кезінде осы акваторияның Сыртқы істер министрлері кеңесінің назарында болды. Каспий көліндегі жүктер мен жолаушыларды тасымалдау және транзиттеу мәселесінен бөлек, бұл акваторияның қауіпсіздігі мәселесі теңіз жағалауындағы елдердің, әсіресе Иран мен Ресейдің назарын аударатын маңызды мәселе болып табылады. Тасымалдау мен транзиттің екі санатын және аймақтағы қауіпсіздікті ескере отырып, Мәскеу кездесуі өте маңызды және бұл аймақтардағы елдердің экономикасына пайдалы әсер қалдыруы мүмкін.