Жел 08, 2023 16:49 Asia/Almaty
  • Раиси Путинмен кездесуде: Газаға қарсы бомбалауды мүмкіндігінше тезірек тоқтату керек

ИИР Президенті Путинмен кездесуінде Палестина мен оның езілген және құдіретті халқы мәселесіне тоқталып, Палестинада әрбір 10 минут сайын бір баланың өліп жатқанына назар аудартып,  Газаны   бомбалауды тезірек тоқтату керектігін қуаттады.

 

Иран Президенті сионистік басып алушы режимнің Газаның қорғансыз халқына қарсы жасаған қылмыстарын геноцид және адамзатқа қарсы қылмыс деп атап: «Қылмыскер сионистік режимнің қолынан 6 мыңнан астам баланың шәһид болуы азап пен өкініш тудырады. Бірақ ең өкініштісі бұл қылмыстарды АҚШ пен Батыс елдерінің қолдауы, немесе адам құқығы  туралы уәжденетін халықаралық ұйымдардың үнсіздігі мен немқұрайлылығы. Бұл олардың тиімсіздігін көрсетеді»,- деді.

Раиси Иран мен Ресейдің энергетика, ауыл шаруашылығы және білім компаниялары салаларындағы жақсы ынтымақтастығына сілтеме жасап, екі ел мен екі халықтың мүдделеріне сай ынтымақтастықты дамытуда тиімді қадамдар жасауға негіз бар екенін атап өтті.

Ресей Президенті Владимир Путин ИИР Президентінің Мәскеуге сапарына ризалығын білдіріп: «Екі ел арасындағы қарым-қатынастар ең жақсы деңгейде жалғасуда және Иран Ислам революциясы жетекшісінің қолдауымен бұл қарым-қатынастар кеңейіп, серпінді болады деп сенеміз»,- деді.

Ресей Президенті Иранның сауда көрмелерінде ресейлік кәсіпкерлердің әсерлі қарсы алынуын және соңғы бір жылда 5 миллиард доллар айналымы бар екі ел арасындағы тауар айналымының 20 пайыздық өсімін Теһран-Мәскеу қарым-қатынастарының жаңа кезеңің ашуға бел байлауының көрсеткіші деп бағалады. Путин: «Екі ел арасындағы автомобиль және теміржол тасымалы жобалары жақсы ілгерілеумен жүзеге асырылуда және Иран мен Ресейдің энергетика саласындағы бұрынғы ынтымақтастығы артып келе жатқан жағдайларды бастан кешіруде»,- деп мәлімдеді. Путин сондай-ақ екі елдің аймақтық мәселелерде ортақ көзқараста болғанына тоқталып, Палестина мен Газа мәселесін талқылау мен пікір алмасуды Иран мен Ресейдің екіжақты келіссөздерінің тақырыптарының бірі деп атады.

 

 

 

Тегтер