Жел 12, 2023 18:41 Asia/Almaty
  • Путин: Ресей Әскери-теңіз күштерін нығайтуды жалғастырады

Ресей Президенті елінің Әскери-теңіз күштерін нығайту және Ресей флотының әлемнің маңызды су айдындарында, соның ішінде Қара және Каспий теңіздеріндегі жауынгерлік әзірлігін арттыру қажеттігін атап өтті.

 

«Анадолы» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Путин елдің ядролық сүңгуір қайықтарын  теңіз күштеріне тапсыру рәсімінде: «Алдағы жылдары мемлекеттік қару-жарақ бағдарламасы аясында Ресей Әскери-теңіз күштеріне «Буря» класындағы үш стратегиялық зымыран тасығыш қондырғысы қосылады»,- деді. Ол «Ясень-М» класындағы бес сүңгуір қайықтың бір уақытта жасалып жатқанына тоқталып: «Ресей суасты қайықтары мен кемелер жасау бойынша барлық жоспарларын жүзеге асырады»,- деді.

Ресейдің Украинамен соғысы жалғасуымен бір мезгілде Ресей Әскери-теңіз күштері Қара теңізде әртүрлі калибрлі зымырандармен жабдықталған зымырандық флотын күшейтті. 

 

Тегтер