Жел 14, 2023 16:24 Asia/Almaty
  • Иран мен Түркіменстанның Сыртқы істер министрілері телефон арқылы сұхбаттасты

Иран мен Түркіменстан Сыртқы істер министрілері телефон арқылы сұхбаттасып, аймақтық және халықаралық мәселелерді талқылады.

Осы сұхбатта Амир Абдуллахиан екі ел қарым-қатынасының бауырластық сипатта екенін айтты.

Ол сондай-ақ Иран мен Түркіменстанның шекарасын достық шекарасы деп атап, Теһран мен Ашхабадтың достық қарым-қатынасын одан ары кеңейту керегін айтты.

Түркіменстан Сыртқы істер министрі де Мәскеуде Амир Абдуллахианмен сындарлы келіссөздер өткізгеніне тоқталып, Иранмен энергетика, газ, тасымал және тас жол қатынасын аса маңызды деп атады.

Рашид Мередов Түркіменстанның ИИР-мен барлық салаларда байланыстарды кеңейтуге дайын екенін мәлімдеді.  

Тегтер