Ресейдің 2024 жылға арналған әскери бюджеті айтарлықтай артады
Жел 14, 2023 17:14 Asia/Almaty
Швеция астанасында орналасқан Стокгольм халықаралық бейбіт зерттеу институтының есептеуінше, Ресейдің келесі жылғы әскери бюджеті биылғы жылмен салыстырғанда 29 пайызға артық болады.
Стокгольм халықаралық бейбіт зерттеу институтының хабарлауынша, Ресейдің соғысқа қатысты әскери бюджеті 2024 жылы 2023 жылмен салыстырғанда 29 пайызға артып, 12,8 трлн рубльге (шамамен 140 млрд долларға) жетеді.
Аталмыш институт Ресейдің жаңа федералдық бюджетіне сүйене отырып: "Ресейдің 2024 жылға арналған әскери бюджеті елдің жалпы ішкі өнімінің 7,1 пайызына тең және Мәскеу үкіметінің жалпы бюджетінің 35 пайызын құрайды",-деп жазды.
Тегтер