Ансаролла Қызыл теңізден өтетін кемелерге кеңес берді
Йемен жоғары саяси кеңесінің мүшесі: "Қызыл теңізден өтер кезде кемелердің навигациялық жүйелері, географиялық координаттары мен байланысын үзбеңіздер",-деп кеңес берді.
Мұхаммедәли Хуси "Х" әлеуметтік желісінде Қызыл теңізден өтетін кемелерге осы аймақта қатерден алшақ болуы үшін кеңес ретінде жазба жариялады.
Мұхаммедәли Хуси кемелерге: "Байланыс жүйелеріңізді өшірмеңіздер. Йемен теңіз күштерінің бұйрықтарын жылдам орындаңыздар",-деп кеңес берді.
Ол: "Кемелер жалған ақпарат беруге тырыспауы керек. Басқа елдің туын ілмеуі тиіс. Кемелер басып алынған Палестинадағы айлақтарға қарай бағыт алмауы керек",-деді.
Мұхаммедәли Хуси: "Йемен Қарулы күштері Газаға көмектесуге қатысты өз мақсаттарын ашық жариялады. Соның ішінде Газаға шабуылдарды тоқтату, қоршауды жою және осы аймақта жапа шегіп жатқандарға су, азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуді көздейді",-деп еске салды.