Жел 15, 2023 19:34 Asia/Almaty
  • Йемен Қарулы күштері сионистік режимнің кемесін нысанаға алды

Йемен Қарулы күштері бейсенбі күні кешке сионистік режимнің тағы бір кемесін дронмен нысанаға алғанын хабарлады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Йемен Қарулы күштері өз мәлімдемесінде: "Елдің теңіз күштері Израильге бағыт алған "Маэрск Гибралтар" кемесіне шабуыл жасады",-деп хабарлады.

Йемен Қарулы күштері: "Бұл кеме экипажы Йемен теңіз күштерінің өтінішін ескермеген соң оларға дрон жіберілді",-деп хабарлады.

Бұған дейін Йемен жоғары саяси кеңесінің мүшесі Мұхаммедәли әл-Хуси: "Қызыл теңізде қатер төнбес үшін кемелерге Йемен теңіз күштерінің бұйрықтарын орындауға кеңес береміз",-деді.

Йемен армиясы өткен апталарда Газа секторындағы Палестина халқының қарсыласуына қолдау ретінде Қызыл теңіз бен Баб әл-Мандеб бұғазында сионистік режимнің бірнеше кемесіне шабуыл жасады.

Тегтер