Жел 17, 2023 17:22 Asia/Almaty
  • Қауіпсіздік кеңесі Систан мен Белуджистандағы лаңкестік әрекетті айыптады

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері «Джейш аз-Зұлым» тобының Иранның Систан және Белуджистан облысындағы Раск полиция штабына жасаған қорқақ лаңкестік әрекетін қатаң айыптады.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мәлімдеме жасап, 2023 жылы 15 желтоқсанда ИИР-ның Систан және Белучистан облысындағы Раск полициясының штаб-пәтеріне жасалған «Джейш әл-Залым» тобы мойнына алған және басқарған  қорқақ  лаңкестік әрекетті айыптады. Әрекет салдарынан 11 ирандық полиция қызметкері шәһид болды және тағы 8 адамның жараланды.

Бұл мәлімдемеде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері қаза болғандардың отбасылары мен ИИР-ның үкіметіне көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек және толық сауығып кетуін тілеп: "Терроризм өзінің барлық көріністерінде ең ауыр және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке ең үлкен қатер болып табылады",- деп баса айтты. Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері өз мәлімдемесінде осы лаңкестік әрекеттерді жасағандарды, ұйымдастырушыларды, қаржыгерлерді және қолдаушыларды жауапқа тарту және оларды қудалау қажеттігін қуаттады.

 

Тегтер