Йемендік қолбасшы: Палестинамен арамызға жік салғысы келетін кез келген елге жауап береміз
Йеменнің бесінші әскери аймағының қолбасшысы: "Йемен армиясы дұшпанның кез келген қоқан-лоқысына қарсы тұруға дайын. Бұл елдің армиясы Палестинамен арамызға жік салғысы келетін кез келген ел немесе тарапқа жауап береді",-деді.
Генерал-майор Юсеф әл-Мадани: "Газадағы кез келген шиеленіс Қызыл теңізде шиеленіс тудырумен бірдей",-деп ескертті.
Al-Mayadeen арнасының хабарлауынша, генерал-майор Юсеф әл-Мадани осы жайлы: "Йемен армиясы кез келген ықтималды қоқан-лоқыға қарсы тұру үшін өзінің әскери дайындығын арттыруға әзір. Өйткені дұшпан Йеменді аңдып, соңғы қорлықтан кейін реакция білдіруге тырысып жатыр",-деді.
Йемен армиясы сионистік режим армиясының Газа секторына ауқымды шабуылынан кейін осы күнге дейін Палестина халқына қолдау ретінде Израильдің бірнеше кемесі немесе басып алынған жерлерге бағыт алған кемелерді нысанаға алып, шабуыл жасады.