Жел 19, 2023 18:13 Asia/Almaty
  • Иран өкілі: АҚШ пен Еуропа

Иранның БҰҰ-дағы елшісі және тұрақты өкілі БҰҰ хатшылығын сынай отырып, АҚШ пен Еуропаның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы келісімнің қазіргі жағдайына жауапты екенін баса айтты.

 

 

Амир Саид Иравани БҰҰ Хатшылығының 2231 қарарына қатысты кәсіпқой емес және саясаттандырылған әрекетін сынай отырып: "Көптеген жағдайларға байланысты "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының қазіргі жағдайына тікелей және толықтай АҚШ пен Еуропалық Одақ жауапты. Өйткені олар "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін елеулі түрде орындамады, сондай-ақ 2231 қарарына негізделген айқын заңды міндеттемелерді үздіксіз және жүйелі түрде бұзды",- деп баса айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иравани БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Ядролық қаруды таратпау: Қауіпсіздік  Кеңесінің 2231 (2015) қарарын орындау» деп аталатын отырысында: "Вена келіссөздерінің тығырыққа тірелуі жай ғана АҚШ пен ЕО үштігінің саяси ерік-жігерінің жоқтығынан, бұл олардың ішкі саяси ой-пікірлеріне байланысты. Аймақтың тыныштығы мен қауіпсіздігіне төнген басты және бұрыннан келе жатқан қатер баршаға белгілі және оны жалған ақпарат, жала жабу немесе басқаларды негізсіз айыптау арқылы жасыруға тырысу – бос әрі негізсіз",- деп мәлімдеді.

 

Тегтер