Жел 19, 2023 20:26 Asia/Almaty
  • АҚШ Қызыл теңізді бақылауға алу үшін коалиция құрылуын хабарлады

АҚШ Қорғаныс министрі «хоуситтер (Йемен армиясы) шабуылдарынан кейін Қызыл теңіздегі сауданы қолдау» деп атаған  мәселе үшін көпұлтты  күштердің құрылуын жариялады.

 

 

Al-Alam ақпарат агенттігінің хабарлауынша,  Ллойд Остин  бұл коалицияға кіретін елдер Қызыл теңіздің оңтүстігі мен Аден шығанағында бірлескен бақылау жүргізетінін айтты. Остин: "Англия, Бахрейн, Канада, Франция, Италия, Нидерланды, Норвегия, Сейшель аралдары және Испания бұл коалицияға кіреді",- деді. АҚШ Қорғаныс министрі сондай-ақ: "Йеменнің шиеленістерді арттыруы еркін сауда ағынына қауіп төндіреді және халықаралық құқықты бұзады",- деп мәлімдеді.

Американың Йеменге қарсы айыптауы осы елдің армиясы Палестина халқы мен қарсыласуын қолдау үшін тек сионистік режимге қатысты кемелерді немесе басып алынған жерлерге баратын кемелерді нысанаға алатынын және барлық кемелердің аймақта еркін қозғалысына кепілдік беретінін жариялаған жағдайда айтылуда.

 

Тегтер