Жел 20, 2023 16:39 Asia/Almaty

Ресейде өткен Ұжымдық қауіпсіздік ұйымына мүше елдер парламент басшыларының отырысында Ислам кеңесінің төрағасы Мұхаммад Бақер Қалибафтың жолдауы оқылды.

 

 

Ислам кеңесі төрағасының осы отырысқа жолдауын ИИР-ның Ресейдегі елшісі Казем Джалали оқыды. Осы жолдаудың бір бөлігінде Қалибаф бұл кездесу мүше елдер мен аймақ елдері арасында қауіптерді азайту және ұжымдық қауіпсіздікті арттыру жолында тиімді қадам жасай алатынына үміт білдірді.

Ислам кеңесінің төрағасы халықаралық жүйедегі билік ротациясын қазіргі тәртіпті қайта құрудың негізі деп атап: «Бұл бұрылыстың стратегиялық және геосаяси әсерлер мен салдары болуы мүмкін»,- деп баса айтты. Бұл жолдауда шеткері аймақтағы қауіпсіздік мәселелеріне назар аударылып: «Өткен отыз жылда Иран Ислам Республикасы Ресеймен және Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының басқа мүшелерімен қауіпсіздік саласында тығыз ынтымақтастықта болды»,- деп айтылды.

Қалибаф Иран мен Ұжымдық қауіпсіздік ұйымына мүше елдер, соның ішінде Ресей арасындағы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың бір бөлігіне тоқталып: «Батыс Азияда ДАИШ сияқты лаңкестік топтардың құрылуы және оның заңды үкіметтерді құлату әрекеті аймақтағы қауі-қатерді күшейтуге бағытталған қасақана әрекетті көрсетті. Сол қиын кезеңде ИИР мен Ресейдің қауіпсіздік және әскери ынтымақтастығы Қасем Сүлейманидің ерлігімен бірге аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қалпына келтіріп, Америка мен оның одақтастарының жоспарларын бұзды»,- деп мәлімдеді.

 

Тегтер