Жел 21, 2023 14:45 Asia/Almaty
  • Раиси Иран мен Кувейттің қарым-қатынас деңгейі жоғарылайтынына үміт білдірді

Иран Президенті сәрсенбі күні кешке Кувейттің әмірімен телефон арқылы сөйлесіп, осы елдегі жаңа билеушінің кезінде екі еклдің қарым-қатынасы одан ары дами түсетініне үміт білдірді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси сәрсенбі күні кешке Кувейттің әмірі шейх Машал әл-Ахмад әл-Джаир әл-Саббахпен телефон арқылы сөйлесіп, осы елдің бұрынғы әмірінің қайтыс болғанына байланысты көңіл айтып, жаңа әмірдің тағайындалғанымен құттықтап, жаңа үкіметке сәттілік тілеп, ИИР-дың саясатын көршілес елдермен қарым-қатынасты нығайтып, кеңейту деп атап, Кувейтте жаңа басшы кезінде Иранмен арадағы қарым-қатынас деңгейінің одан ары жоғарылайтынына үміт білдірді.  

Раиси Палестинаны аймақ пен әлемнің басты мәселесі деп атап, Кувейт үкіметінің Палестина халқының құқықтарын қолдап, сионистік режиммен байланысты қалыптандыруға қарсы шығып отырғанына алғыс айтып: "Иран Палестина халқының құқықтарын орындау үшін басқа елдермен әріптестік жасауға дайын",-деді.

Шейх Машал әл-Ахмад әл-Джаир әл-Саббах осы сұхбатта аймақтық әріптестікті осы аймақта бар мәселелерді шешудің және ұжымдық мүдделерді қамтамасыз етудің тиімді жолы деп атап, Кувейт үкіметі мен халқының Палестина халқының құқықтарына қатысты ұстанымдарын өзгермейтін тұрақты позиция деп атап, қиындықтардың аймақ елдерінің әріптестігі арқасында жылдам шешілетініне, аймақта бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздік орнайтынына үміт білдірді.  

 

 

Тегтер