Жел 21, 2023 15:16 Asia/Almaty
  • Раиси халықаралық ұйымдардың сионистік режимнің қылмыстарын тоқтатуда тиімсіз болып отырғанын сынады

Иран Президенті Пәкістанның Президентімен телефон арқылы сұхбатында халықаралық ұйымдардың сионистік режимнің қылмыстарын тоқтатуда тиімсіз болып отырғанын сынады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси Ариф Рахман Алвимен телефон арқылы сұхбатында сионистік режимнің Газа халқына қарсы қылмыстар мен геноцидті жалғастырып жатқанына, халықаралық ұйымдардың осы қылмыстарды тоқтатуға қауқары жетпей отырғанына тоқталып, ислам елдерінің Газада өлім мен қылмыс машинасын тоқтату үшін сионистік режимге қысым жасау мақсатында үйлесе әрекет ету керегін айтты.

Раиси сондай-ақ Пәкістанның шекара қауіпсіздігін арттыру үшін көбірек талпыныс жасауы керегін айтып, екі елдің әсіресе энергетика саласында ынтымақтастықты дамытуға мол әлеуеті барына тоқталып, екі ел басшыларының осы әлеуеттерді іске қосуда белсендірек әрекет ететіне үміт білдірді.  

Ариф Рахман Алви осы телефон арқылы сұхбатта ИИР-дың Палестина халқын қолдау және қорғаудағы жетекшілік орнына тоқталып, Теһран үкіметінің Палестина мәселесін шешудегі талпыныстарына алғыс айтып: "Ислам елдері Газадағы қылмыстарды тоқтату үшін бірлесе және үйлесе әрекет етіп, сионистік режимге еселене қысым жасай алады",-деді.

Пәкістан Президенті: "Халықаралық ұйымдардың құрылымына түбегейлі өзгеріс енгізуіміз керек. Мұсылмандар осы салада көш бастауы тиіс",-деді.

Тегтер