Жел 22, 2023 15:02 Asia/Almaty
  • Канани: Иранға тиесілі үш арал талқыға салынбайды

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Насер Канани: "Иранның үш аралды иелену құқығы талқыға салынбайды",-деді.

Насер Канани Мароккода өткен Араб елдері мен Ресей ынтымақтастық ұйымының Иранның үш аралы туралы мәлімдемесінің бір бөлігін негізсіз деп атап, оны айыптады. Бұл мәлімдемеде Тонб-е Бозорг, Тонб-е Кучек және Әбу Мұса аралдарының иесін анықтау үшін келіссөз өткізу сұралған.

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Иран өзінің аумақтық тұтастығы және үш аралды иелену құқығын талқыланатын тақырып санамайды. Кез келген тараптың осыған қатысты уәждері қабылданбайды",-деп еске салды.

Канани: "Иран солтүстігіндегі және оңтүстігіндегі көршілерден өзара қарым-қатынасты нығайтуға қадам жасап, қабылданбайтын кейбір уәждерді қайталаудан бас тартуға шақырды",-деді.  

Тегтер