Иран Президенті жаңа жыл қарсаңында Палестина халқын қырып-жоюдың шұғыл түрде тоқтатылатынына үміт білдірді
(last modified Mon, 25 Dec 2023 10:48:01 GMT )
Жел 25, 2023 16:48 Asia/Almaty
  • Иран Президенті жаңа жыл қарсаңында Палестина халқын қырып-жоюдың шұғыл түрде тоқтатылатынына үміт білдірді

Иран Президенті халықаралық қауымдастық пен барлық жақсы адамдардан жаңа жыл қарсаңында Палестина халқын қырып-жоюды шұғыл түрде тоқтатуға жылдам шара қолдануды сұрады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси жексенбі күні әлем католиктерінің көсемі Рим папасы Францискке хат жолдап, хазірет Иса Мәсіхтің (ғ.) туған күні және жаңа жылмен құттықтап: "Қазіргі таңда адамзат қоғамы көптеген түйткілдерге ұшырап отыр. Солардың ең үлкені – сионистік режимнің Газа секторына басқыншылығы",-деді.

Иран Президенті: "Өкінішке қарай, халықаралық ұйымдар мен қауымдастықтың Израильдің Газа секторындағы қылмыстарына қатаң қатынас көрсетпеуі және АҚШ пен бірнеше еуропалық елдің осы режимді қолдауы салдарынан Газа секторында 20 мыңнан астам адам, әсіресе палестиналық әйелдер мен балалар қаза тапты",-деді.  

Иран Президенті жаңа жыл қарсаңында барлық жақсы адамдар Газа халқының өлтірілуін тоқтатуға талпынып, Алла пайғамбарлары, әсіресе хазірет Иса Мәсіхтің (ғ.) мейірімге толы тағылымдарына сүйеніп, көптеген түйткілдерді шешіп, әлем халықтарының дамуы жолында әсерлі қадамдар жасайды деп үміт білдірді.