Шіл 24, 2024 17:30 Asia/Almaty
  • Бельгия жастарының имам Хаменеиге хаты: Шынайы исламды терең тануға құштарлық артып келеді

Бельгия жастарының бір тобы Ислам революциясының жетекшісі имам Хаменеиге хатында: "Сіздің әділдік пен шындықты іздеуге шақыратын жолдауыңыз, сондай-ақ Палестина мен әлем мазлұмдарының арман-мақсаттарына қалтқысыз адалдығыңыз бізді қатты толқытты",-деп жазды.

Имам Хаменеи х.ш.ж.с.б. 1403 жылы 10 хордадта АҚШ пен Еуропа университеттерінде Палестина халқына қолдау білдірген ұжданды студенттерге хатында олардың антисионистік наразылықтарына қолдау білдіре келіп, оларды қарсыласу қозғалысының бірі бөлігі деп атап, Батыс Азиядағы жағдайдың өзгергеніне тоқталып, әлем тарихында жаңа парақ ашылғанын айтқан болатын.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осы хатқа реакцияда Бельгия жастарының бір тобы имам Хаменеиге хат жолдап, оған АҚШ пен Еуропа университеттерінде Газа халқына тілеулестік білдіру үшін өткен шерулерді қолдағанына шын жүректен алғыс айтты.

Бельгия жастарының хатында былай делінген: Сіздің өзара түсіністік, әділдік және ынтымақтастық жолындағы қажымас күш-жігеріңіз алдымызда тұрған күрделі міндеттерді шешуде маңызды. Біз Исламды тереңірек түсінуге бел будық.

Хаттың жалғасында: "Еуропалық және америкалық студенттердің Палестинаға қолдау көрсету қозғалысы Батыс жастарының әлемдегі әділетсіздіктерден хабардар екенін көрсетеді",-делінген.

Бельгия жастары өз хатында: "Біз бұл диалог пен сындарлы ынтымақтастықтың жемісті жалғасуын асыға күтеміз ",-деп баса айтты.

Бельгия жастарының хаты парсы, ағылшын, француз және араб тілдерінде letter4leader хэштегімен жарияланды.

Тегтер