Жел 25, 2023 21:25 Asia/Almaty
  • Иран АҚХА-мен әріптестігін жалғастырады

Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы Иранның тұрақты өкілі: "ИИР кешенді қорғаныс туралы келісім аясында АҚХА-мен әріптестігін жалғастырады",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мохсен Назири Әсл Иранның АҚХА-ның қорғанысқа қатысты сұрақтарына айғақ-дәлелмен жауап бергенін айтып, бұл ұйым ешкімге жақтаспай, 2022 жылғы келісім негізінде қалған мәселелерді шешеді деп үміттенемін.  

Мохсен Назири Әсл: "Иранның ядролық жұмыстарына қатысты қорғаныс мәселелері сионистік режим ұсынған жалған құжаттарға негізделген. Олар Иранның ядролық ісін әлемнің қауіпсіздігіне қатер деп көрсету үшін АҚХА мен БАҚ-тың ықтиярына берді",-деді.

Мохсен Назири Әсл: "ИИР бұл уәждерді әрдайым теріске шығарып келеді. Елдердің қорғаныс саласындағы міндеттемелері шексіз емес",-деді.

Тегтер