Жел 25, 2023 22:48 Asia/Almaty
  • Канани: Иран халықаралық су өткелдеріне әрдайым жауапкершілікпен қарап келеді

Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы АҚШ-тың Иранды кейінгі кезде Қызыл теңізде жағдайдың өзгеруіне қатысы бар деп айыптағанына жауап беріп: "Иран халықаралық су өткелдерінің қауіпсіздігін сақтауға әрдайым жауапкершілікпен қарап келеді",-деді.

Канани: "Газа соғысындағы басты айыпталушы – АҚШ үкіметі. Іс жүзінде соғыс қылмыстарының бір бөлігіне және соғыстың жалғасуына жауапты – АҚШ",-деді.

Канани: "Иран әрдайым халықаралық сулардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бір бөлігі болып келеді және халықаралық теңіз саудасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сондықтан АҚШ пен басқа да тараптар Иранды айыптайтындай жағдайда емес",-деді.  

Канани: "Иран үкіметі жуырда Палестинаға қатысты Теһран халықаралық  конференциясын өткізді. Бұл шараға әлемнің 60 елінің өкілдері қатысты. Әлемдік қауымдастық соғысты тоқтатқысы келетінін тағы мәлімдеді",-деді

Тегтер