Жел 26, 2023 18:55 Asia/Almaty
  • Иран мен Еуразиялық одақ еркін сауда туралы келісімге қол қойды

Еуразиялық экономикалық комиссия атынан бұл құжатқа Еуразиялық экономикалық комиссияның директорлар кеңесінің төрағасы Михаил Мясникович қол қойды.

 

Осы келісімге өз елдері атынан Армения Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Мгер  Григорян, Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Игорь Викторович Петришенко және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин де қол қойды. Келісімге қол қойғандардың қатарында Қырғызстан Республикасы Министрлер кабинеті басшысының бірінші орынбасары Адылбек Қасымалиев пен Ресей премьер-министрінің орынбасары Алексей Оверчук та болды.

Бұл келісім қол қойылғаннан кейін 6 елдің парламентінде мақұлдануы қажет.  

 

Тегтер