Пашинян Иранға Кавказдағы өзгерістерге қатысты түбегейлі ұстанымы үшін алғыс айтты
Армения Премьер-министрі Иран Сыртқы істер министрімен кездесіп, Иранға Кавказдағы өзгерістерге қатысты түбегейлі ұстанымы үшін алғыс айтып, екі ел қарым-қатынасының даму үдерісіне ризашылық білдірді.
Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан Армения басшыларымен кездесулерінің жалғасында сәрсенбі күні, 26 желтоқсанда осы елдің Премьер-министрі Никол Пашинянмен жүздесті.
Амир Абдуллахиан осы кездесуде ИИР-дың сыртқы саясатында көршілес елдермен, әсіресе Армениянмен қарым-қатынасты дамытудың басты басымдыққа ие екенін айтып, екіжақты байланыстың даму үдерісін оң бағалап, екі елдің қоғам және экономикаға қатысты келісімдерін орындауды жылдамдату керегін айтты.
Амир Абдуллахиан Әзірбайжан мен Армения арасында қайшылықтарды шешу туралы келісімдердің қабылданғанын қолдап, бейбіт келісімді аймақ елдерінің мүдделеріне сай деп атады.
Амир Абдуллахиан: "Кавказда егемендік, біліктілік және ұлттық заңдарды сақтай отырып тарихи жолдарды қайта іске қосу аймақ елдерінің ұжымдық мүдделеріне сай келеді",-деді.