Жел 29, 2023 16:25 Asia/Almaty
  •  Америкада Палестина жақтастарының шерулері жалғасуда

Лос-Анджелес пен Нью-Йорктегі палестиналықтарды жақтаған наразылық білдірушілер бұл елдегі демалыс күндері адам көп жиналатын екі әуежайға апаратын жолдарды жауып, Израильдің Газаға қарсы шабуылдарына назар аударуды талап етті.

 

IranPress ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, америкалық ақпарат көздері Лос-Анджелес халықаралық әуежайы мен Нью-Йорктегі Джон Кеннеди халықаралық әуежайына апаратын жолда демонстранттар демалыя күндерінің көлік қозғалысына кедергі жасау үшін физикалық кедергілер жасағанын хабарлады. Олар плакаттарын ұстап, сионистік режимге орасан зор әскери көмек көрсеткен Америка үкіметінен осы режимнің басып алынған жерлерге қарсы шабуылдарының ортасында «геноцидтен аулақ болуды» талап етті.

Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, полиция Лос-Анджелесте 35 адамды және Нью-Йоркте 26 адамды тұтқындаған. Кейбір ақпарат агенттіктері америкалық полицияға сілтеме жасап, қамауға алынғандар саны 60-тан асқанын хабарлады.

Әлемде сионистік режимнің ХАМАС күштеріне қарсы соғысына қарсы наразылықтар артты.

 

 

Тегтер