Иран: Біз аймақтағы қандай да бір жеке тұлғаның немесе топтың әрекетіне жауапты емеспіз
Иранның БҰҰ-дағы елшісі мен тұрақты өкілі Қауіпсіздік кеңесіне жолдаған хатында Американың Ирак пен Сириядағы өз базаларына шабуыл жасауға Иранның қатысы бар деген бірнеше рет тағылған айыптауларын үзілді-кесілді теріске шығарды.
Қауіпсіздік кеңесінің басшысына жазған хатында ол Иранның қарулы күштерімен байланысы бар ешбір топ осы елдің тікелей бақылауындағы немесе оның атынан Сирия, Ирак немесе басқа жерлерде әрекет етпейтінін айтты.
АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі 2023 жылы 29 желтоқсанда Қауіпсіздік Кеңесіне жолдаған хатында Иранның Ирак пен Сириядағы осы елдің базаларына жасалған шабуылдарға қатысы бар екендігі туралы мәлімдеме жасады. Иран билігі сан рет бұл айыптауларды қабылдамады және Иранның аймақта ешқандай прокси күштері жоқ деп жарияланды.