Түрікменстан Президенті Керманда зияратшыларға жасалған шабуылды айыптады
(last modified Fri, 05 Jan 2024 08:56:42 GMT )
Қаң 05, 2024 14:56 Asia/Almaty
  • Түрікменстан Президенті Керманда зияратшыларға жасалған шабуылды айыптады

Түрікменстан Президенті Иран Президентімен телефон арқылы сұхбаттасып, Керманның шәһидтер зиратына барар жолда зияратшыларға жасалған шабуыл мен лаңкестік қылмысты айыптады.

Раиси: "Бұл лаңкестік қылмысты жоспарлағандар мен оны орындағандарға кесімді жауап беріледі",-деді.

Сердар Бердімұхамедов Иранды Түрікменстанның ең маңызды серіктестерінің бірі деп атап: "Екі ел берік қарым-қатынаспен қоса, өзара ынтымақтастықты дамыту үшін көптеген мүмкіндіктер мен әлеуеттерге ие",-деді.