Қаң 05, 2024 22:22 Asia/Almaty
  • Раиси: Сионистер аймақтың түрлі жерінде тынышсыздық тудыруды көздеп отыр

Иран Президенті сионистердің өздеріне қарсы жаһандық наразылықтардан кейін және Газаға шабуылдан өздері күткен нәтиже ала алмағандықтан, үміттері үзіліп, енді аймақтың басқа жерлерінде тынышсыздық орнатуды көздеп отырғанын айтып: "Иран халқы өздерінің ерік-жігері, ұлттық бірлігі мен рухын ешқандай лаңкестік әрекет бұза алмайтынын дәлелдеді",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Катар әмірі Тамим бен Хамад бен Халифа әл-Сани сәрсенбі күні кешке Иран Президенті Ибрахим Раисимен телефон арқылы сұхбаттасып, Керманда болған лаңкестік қылмысты айыптап, осы оқиғада қаза тапқандарға байланысты Иран халқы мен үкіметіне көңіл айтып: "Бұл қылмыс Иранды тынышсыздандыруды көздеп отырған адамдар тарапынан жасалды. Бірақ біз Иран халқының бірлігіне сенеміз және сіздердің жандарыңызда боламыз",-деді.

Раиси де осы сұхбатта Катар әміріне Иран халқына тілеулестік білдіргені үшін алғыс айтып, аталмыш қылмыстың шәһид Сүлейманидың мазарына жақын маңда орын алғанына тоқталып: "Иран халқы өздерінің ерік-жігері, ұлттық бірлігі мен рухын ешқандай лаңкестік әрекет бұза алмайтынын дәлелдеді",-деді.  

Тегтер