Қаң 06, 2024 19:34 Asia/Almaty
  • Өзбекстан президенті  Иран үкіметі мен халқына көңіл айтты

Өзбекстан президенті ресми жолдауында Иран президентіне Кермандағы лаңкестік оқиғаға байланысты көңіл айтты.

 

 

IRNA агенттігінің хабарлауынша,  Шавкат Мирзиёев хатында былай деді: "Кермандағы жантүршігерлік лаңкестік әрекет кезінде көптеген ирандықтардың қаза болуы және жарақат алуы туралы хабар біздің жүрегімізді мұң мен өкінішпен толтырды. Осы қайғылы сәттерде мен Сізге және бауырлас әрі дос Иран халқына көңіл айтамын. Қаза болғандардың отбасылары мен барлық туыстарына шын жүректен көңіл айтамыз және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз".

 

Тегтер