Қаң 08, 2024 23:08 Asia/Almaty
  • Иранның 71 университеті әлемнің ең үздік оқу орындарының тізіміне енді

2023 жылғы университеттер рейтингі бойынша ғылыми жұмыстар негізінде Иранның 71 университеті әлемнің ең үздік 3000 оқу орынының тізіміне енді.

IRANDOC институтының хабарлауынша, Түркиядағы Батыс Азия политехникалық университеті ғылыми жұмыстар негізінде (URAP) университеттер рейтингісін (University Ranking by Academic Performance) басқарып, жаңартып отырады.

URAP-2023 рейтингісі бойынша Теһран университеті әлем бойынша 231 орынға тұрақтап, ел бойынша бірінші орын алды.

Гүлістан мен Хормозганның медициналық университеттері, Амольдың заманауи технологиялар университеті, Рафсанджанның Валиаср университеті, Элам университеті, Мазандераннның мұнай өнеркәсібі және ғылыми-техникалық университеті URAP-2022 рейтингісінде болмаған, ал 2023 жылғы тізімде әлемнің үздік оқу орындарының қатарында аталды.

Осы рейтингтің бұрынғы тізімінде Иранның 64 университеті үздіктер қатарында аталған болатын.  

Тегтер