Қаң 09, 2024 19:17 Asia/Almaty

Ақпарат көздері АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында Израильге қарсы шерулер өткізіліп,  Бруклин, Манхэттен көпірлері және Голланд туннелінің жабылғаны туралы хабарлады.

 

«Daily Mail» газеті осы тұрғыда: «Палестинаны қолдайтын және Израильге қарсы америкалық азаматтар Бруклин көпірін, Манхэттенді, Уильямсбургті және Голландия туннелін жауып тастағаннан кейін Манхэттенге кіретін және шығатын көлік қозғалысын жауып тастады»,- деп жазды.

Осы хабарға қарағанда Нью-Йорктегі қауіпсіздік күштері адам тізбегін құрған Палестина жақтастарын таратуға әрекеттенген. Осы  жиында Израильге қарсы наразылық білдірушілер Нью-Джерсиге баратын Голландия туннеліне «Газаны қоршауды тоқтатыңыз» деген жазуды орнатты.

 

 

 

Тегтер