Қаң 11, 2024 14:37 Asia/Almaty
  • Блинкен: Кеше Қызыл теңізде америкалық кемеге дамыған дрондармен ауқымды шабуыл жасалды

АҚШ Мемлекеттік хатшысы: "Кеше Қызыл теңізде АҚШ-тың нысандарына жоғары технологияларға негізделген дрондармен ауқымды шабуыл жасалды",-деді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы: "Бұл шабуылдар Йеменнің Ансаролла күштері тарапынан және Иранның қолдауымен жүзеге асырылды",-деді.  

Йемен Ансаролла күштерінің баспасөз хатшысы Яхия Сари сәрсенбі, 10 қаңтарда: "Йемен армиясының теңіз және әуе күштері бірлескен әскери операцияда бір америкалық кемені нысанаға алды",-деп мәлімдеді.

Яхия Сари аталмыш кеменің сионистік режимнің қылмыстарын қолдап отырғанын айтып: "Бұл операция АҚШ-тың Йемен теңіз күштеріне сатқындық шабуылына алғашқы жауап болып табылады",-деді.

 

Тегтер