Батыстың Зеленскийге уәде беруімен бір мезгілде Ресей Украинаға гипердыбыстық шабуылдар жасады
(last modified Sat, 13 Jan 2024 14:26:29 GMT )
Қаң 13, 2024 20:26 Asia/Almaty
  • Батыстың Зеленскийге уәде беруімен бір мезгілде Ресей Украинаға гипердыбыстық шабуылдар жасады

Батыс шенеуніктерінің Киевке сапарымен бір мезгілде Ресей сенбі күні Украинаға қарсы ауыр әуе соққыларын жасады.

 

«Politico» сайтының хабарлауынша, Ресейдің Украинаға қарсы шабуылдарының толқыны Францияның жаңа сыртқы істер министрі Стефан Сежурне Киевке келіп, Францияның Украинаға көбірек қолдау көрсетуіне уәде бергенде болған.

Украина Әскери-әуе күштері сенбі күнгі шабуылдарға қуатты «Кинжал» гипер дыбыстық зымырандары қолданылғанын хабарлады. Украина Әскери-әуе күштері: "Елдің әуе қорғанысы барлығы 40 шабуылды тіркеді, оның 37-сі зымырандық шабуылдар және үшеуі Киев, Днепропетровск, Чернигов, Полтава және Ивано-Франковск облыстарында ұшқышсыз ұшақтармен жасалған шабуылдар.  8 зымыранды атып түсірілді",- деп мәлімдеді.