Қаң 14, 2024 16:50 Asia/Almaty
  • Иран Еуразиямен еркін сауда келісімін орындау арқылы өз өндірісін дамытуды көздеп отыр

Иранның Сауда, кен және өнеркәсіп министрлігінің сауданы дамыту комиссиясының баспасөз өкілі: "Иран мен Еуразия арасында еркін сауда келісіміне қол қойылған соң коммерциялық және логистикалық кедергілерді жойып, Иран мен Еуразия экономикалық одағына мүше елдермен сауданы 10 млрд долларға жеткізуге мүмкіндік туды",-деді.

Рухолла Латифи АҚШ-тың кедергілеріне қарамастан Иранның Дүниежүзілік даму ұйымына мүше болғанын және осы ұйымның артықшылықтарын пайдалана бастағанын айтып, енді Еуразия экономикалық одағына мүше елдермен ынтымақтастықты арттыру арқылы аймақтық экономикалық мүдделерге ие болу керегін айтты.

Иранның Сауда, кен және өнеркәсіп министрлігінің сауданы дамыту комиссиясының баспасөз өкілі транзиттік мәселелердің шешілгеніне тоқталып: "Иран Түрікменстанның транизиттік жолдарын пайдаланып, Еуразия экономикалық одағына мүше елдер, соның ішіне Қазақстан, Қырғызстан мен Ресейге тауар экспорттай алады. Бұл мәселе аймақ елдерімен сауда қатынасын дамытуда өте маңызды",-деді.  

Рухолла Латифи Еуразия экономикалық одағына мүше елдерде 180 млн адамдық нарық барына тоқталып: "Мүше елдермен сауда қатынасын арттыру үшін өндіріске дейін, өндіріс, сауда және логистикаға қатысты секторлар бір-бірімен байланыста болуы тиіс",-деді.

Тегтер