Қазақстан Батыс елдерінің Ресейге қарсы санкцияларын толық сақтайтынын айтты
(last modified Sun, 14 Jan 2024 15:08:03 GMT )
Қаң 14, 2024 21:08 Asia/Almaty
  • Қазақстан Батыс елдерінің Ресейге қарсы санкцияларын толық сақтайтынын айтты

Қазақстанның Сауда министрі Батыс елдерінің Ресейге қарсы салған санкцияларын толық сақтайтынын айтып: "Өткен алты айда бұл елде Еуроодақтың Ресейге қарсы салған санкцияларын бұзған бірде-бір компания анықталмады",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің kursiv.kz сайтына сілтеме жасап хабарлауынша, Арман Шаққалиев: "2023 жылы Астанаға іссапармен барған Еуроодақтың санкциялар жөніндегі арнайы өкілі Дэвид О'салливан Қазақстанмен Ресейге қарсы санкциялардың сақталуы және тауар экспортын бақылау саласындағы әріптестік деңгейіне ризалық білдірді"-деді.

Арман Шаққалиев: "Қазақстан мен Еуроодақ жүйелі түрде ақпарат алмасып тұрады және экспорттық бақылауға жататын өнімдердің тізімі санкциялар тізіміндегі өзгерістерге сәйкес түзетілетін болады",-деді.  

Қазан айының басында Қазақстан Парламентінің экономикалық реформалар және аймақтық даму комитетінің мүшесі Никита Шаталов: "Қазақстан өз мүддесін қорғайды. Сондықтан Батыспен де, Ресеймен де әріптестік жасайды",-деп түсіндірді.

Никита Шаталов: "Қазақстан Ресейге қарсы санкцияларды ұстанады. Өйткені санкциялық тыйымдарды ұстанбаса, өзі екінші реттік санкцияларға ұшырау қаупі бар",-деді.

Никита Шаталов: "Мұнымен қоса, Қазақстан мен Ресей арасында дәстүрлі тауарлармен алмасу көлемі артып келеді",-деді.