Лавров пен Абдуллахиан АҚШ пен Ұлыбританияның Йеменге шабуылдары туралы кеңесті
(last modified Mon, 15 Jan 2024 14:18:10 GMT )
Қаң 15, 2024 20:18 Asia/Almaty
  • Лавров пен Абдуллахиан АҚШ пен Ұлыбританияның Йеменге шабуылдары туралы кеңесті

Ресей Сыртқы істер министрлігі бүгін, дүйсенбі күні осы ведомствоның басшысы Сергей Лавров пен Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахианның телефон арқылы сұхбаттасқанын хабарлады.

"Спутник" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сергей Лавров мен Амир Абдуллахиан Батыс Азияда текетірестің күшейгенін айтып, АҚШ пен Ұлыбритания бастаған коалицияның Йеменге шабуылдарын қатаң айыптады.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Сергей Лавров мен Амир Абдуллахиан Газада тез арада атысты тоқтатып, Газа халқының гуманитарлық көмекке кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету керегін баса айтты.

Лавров мен Абдуллахиан қос тарап арасында байланыстар мен үйлестіру жұмыстары көбейгенін айтып, Мәскеу-Теһран қатынасында түбегейлі принциптерді, соның ішінде елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын және БҰҰ жарғысының негіздерін берік сақтау керегі айтылды.