Қаң 15, 2024 20:34 Asia/Almaty

Бүгін Теһранға іссапармен келген Үндістан Сыртқы істер министрі Субраманьям Джайшанкар Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында өзінің ирандық әріптесі Амир Абдуллахианмен кездесті.

Үндістан мен Иран Сыртқы істер министрлері баспасөз отырысында өзара кеңестің нәтижесін жариялады. Бұл кездесуде екіжақты қарым-қатынастың даму барысы, Чабаһар айлағына қатысты жоба, аймақтық өзгерістер, соның ішінде Газаның жағдайы сөз болды.

Иранның он үшінші үкіметі кезінде Үндістан Сыртқы істер министрі алғаш рет Теһранға келіп отыр. Әрине ол Үндістан үкіметінің өкілі ретінде аятолла Раисидың инаугурациясына қатысқан.

Амир Абдуллахиан 2022 жылы үнді әріптесінің шақыруымен Жаңа Делиге барып келген болатын.  

Тегтер