Путин: Украинадағы жеңістерімізден бас тарту мүмкін емес
(last modified Wed, 17 Jan 2024 11:01:14 GMT )
Қаң 17, 2024 17:01 Asia/Almaty
  • Путин: Украинадағы жеңістерімізден бас тарту мүмкін емес

Ресей президенті ешбір жағдайда Украинадағы жеңістерінен бас тартпайтынын айтты.

 

Интерфакс агенттігінің хабарлауынша, Путин Ресей муниципалитеттерінің басшыларымен кездесуінде: «Бізді соңғы екі жылда қол жеткізген жеңістерімізден бас тартуға мәжбүрлеу әрекет бар, бірақ бұл мүмкін емес. Мұның мүмкін еместігін Украинадағы билеуші ​​топтар да, батыс элиталары да біледі",- деді.

Бұл есеп бойынша, Украинамен соғыс кезінде Ресейге қосылған аумақтарда Ресей Ұлттық гвардиясының 35 мың әскері орналасып, бұл аймақтарды қатаң қорғауда. Ресей Ұлттық гвардиясы Владимир Путинге тікелей бағынады және қазір Украинаның Ресейге қосылған аймақтарындағы Ресей Қарулы Күштерінен кейінгі ел күштерінің ең үлкен құрамдас бөлігі болып табылады.