Амир Абдуллахиан Давоста Дүниежүзілік экономикалық форумның басшысымен кездесті
Давос-2024 экономикалық форумына қатысу үшін Швейцарияға барған Иран Сыртқы істер министрі Дүниежүзілік экономикалық форумның басшысымен кездесті.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Давос форумы аясында Амир Абдуллахиан мен Борге Бранде кездесіп, өзара ынтымақтастық пен әлемдік және аймақтық өзгерістер жайлы пікір алмасты.
Амир Абдуллахиан осы кездесуде жыл сайын Давоста өтетін дүниежүзілік экономикалық форумға шақырылғаны үшін алғыс айтып, экономика және энергетикалық қауіпсіздік салаларына қатысты кейбір бастамалар мен ортақ әріптестік салалары жайлы айтып берді.
Амир Абдуллахиан Газадағы өзгерістер мен сионистік режимнің қылмыстары, АҚШ-тың осы режимді қолдап отырғанын айтып, соғыстың өршуінің алдын алуға және аймақта тұрақтылық пен тыныштық орнатуға бағытталған талпыныстарды Иранның қолдайтынын мәлімдеді.
Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ Теһран үкіметінің аймақ пен әлемде кейбір алаңдаушылықтарды жоюға талпынып жатқанын, соның ішінде энергетикалық қауіпсіздікті кепілдендіруді бақылайтын механизм құруға күш салып жатқанын айтты. Ол Борге Брандені осы талпынысқа атсалысуға шақырды.
Борге Бранде Иран Сыртқы істер министріне Давос форумына қатысқаны үшін алғыс айтып: "Барлық күш-жігер Газа дағдарысының кеңеюінің алдын алуға жұмсалуы керек",-деді.
Ол Иранды аймақ пен әлем жүйесінде маңызды ойыншы деп атап, өзі мен өз командасының Иранмен энергетикалық қауіпсіздік саласында әріптесу жолдарын қарастыруға дайын екенін мәлімдеді.