Амир Абдуллахиан: Сионистік режим Газада бірде-бір мақсатына жетпеді
Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан Иран мен Кувейттің парламентаралық достық тобының төрағасы Мазруқ әл-Хабинимен кездесуінде: "Газада бірде-бір мақсатына жетпеген сионистік режим өз жеңілісін лаңкестік әрекеттер жасаумен өтеуге тырысып жатыр",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан Кувейт үкіметі пен Парламентінің Палестина халқын қолдаудағы ұстанымы мен рөліне ризалық білдіріп, Газа секторында болып жатқан оқиғалар мен өзгерістерді бағалай келіп, сионистік режимнің Палестинаның қорғансыз халқы, әсіресе әйелдер мен балаларды әлі де қырып-жойып жатқанына тоқталып: "Сионист дұшпан Газа секторын ауқымды түрде қиратып, ондаған мың адамды шәһид етсе де, өзінің бірде-бір мақсатына жетпеді. Сондықтан өз жеңілісін лаңкестік әрекеттер жасаумен өтеуге тырысып жатыр",-деді.
Иран мен Кувейттің парламентаралық достық тобының төрағасы Мазруқ әл-Хабини де осы кездесуде өз елі үшін ИИР-мен екіжақты қатынасты кеңейту өте маңызды екенін айтып: "Біз бір мұсылман әрі араб елі ретінде ИИР-дың Палестина арманын қолдау және халқының құқықтарын қорғауға қатысты түбегейлі ұстанымдарын құрметтейміз",-деді.