Қаң 23, 2024 19:01 Asia/Almaty

Иран Ислам Республикасы мен Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлері сейсенбі күні таңертең Нью-Йоркке сапары барысында бір-бірімен кездесіп, екі жақтың күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді талқылады.

 

«Спутник» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осы кездесудің басында Амирабдуллахианның жағдай қалай деген сауалына Лавров әзілдеп: «Бәрі бақылауда. Әрине, кімнің бақылауында екенін түсінуіміз керек»,- деді.

Ресей Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде Лавров пен Амирабдуллахианның Газа секторында дереу атысты тоқтатуды қолдайтындарын және Қызыл теңіздегі шиеленісті жағдайға алаңдаушылықтарын білдірді.

Осыдан кейін Лавров Нью-Йоркте түрік әріптесі Хакан Фиданмен кездесіп, күн тәртібіндегі кейбір мәселелерді талқылады.

Бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова сәрсенбі күні Ресей мен Иран арасындағы үкіметаралық келісімнің жобасын әзірлеудің соңғы сатысында екенін айтып, тараптардың кездесуі барысында бұл келісімге қол қойылатынын мәлімдеді.  

 

   

 

Тегтер