Женевадағы Иранның елшісі: Сионистік режим халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке – үлкен қатер
Женевадағы Иранның елшісі: "Ядролық қару арсеналы бар және жасырын ядролық жұмыстар жүргізіп жатқан сионистік режим аймақтық және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке – үлкен қатер",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әли Бахрейни сейсенбі күні "Ядролық қарусыздану-2024" конференциясында сөйлеген сөзінде: "Израиль режимі – Батыс Азия аймағын жаппай қырып-жоятын қарулардан арылту жолындағы жалғыз кедергі. Ол ешбір халықаралық хаттамаға және шынайылықты тексеру механизміне қосылмай, жаппай қырып-жоятын түрлі қаруларды жинауды жалғастырып жатыр",-деді.
Әли Бахрейни: "Израиль режимі 70 жылдан аса уақыт бойы халықаралық құқықтар мен заңдарды, әсіресе халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқығын қорғау заңдарын ашық түрде бұзуды жалғастырып келеді",-деді.
Әли Бахрейни: "Израиль Премьер-министрі 2023 жылы қыркүйекте Иранға қарсы ядролық қоқан-лоқы жасады. Бұл БҰҰ жарғысы, халықаралық құқықтар, соның ішінде NPT хаттамасын ашық түрде бұзу болып саналады",-деді.