Қаң 24, 2024 17:28 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Антониу Гутерришпен Газада геноцидті тоқтату туралы пікір алмастық

Иран Сыртқы істер министрі: "БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен Газаның оңтүстігі мен солтүстігіне гуманитарлық көмек жеткізу, аймақта соғыс қылмыстары мен геноцидті тоқтату және Қызыл теңіздегі өзгерістер туралы пікір алмастық",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан сейсенбі күні кешке БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиналысына қатысу үшін Нью-Йоркке жасаған екікүндік сапарының соңында: "Антониу Гутерришпен Газаның оңтүстігі мен солтүстігіне тез арада гуманитарлық көмек жеткізу жолдары, Палестина мәселесін шешу және Газадағы геноцид пен соғыс қылмыстарын тоқтату үшін саяси шешім жолдарын табу туралы сұхбаттастық",-деді.

Амир Абдуллахиан: "БҰҰ Бас хатшысымен АҚШ пен Ұлыбританияның Батыс Азия аймағы мен Қызыл теңізді әскерилендіру әрекеттеріне қатысты да пікір алмастық",-деді.  

Иран Сыртқы істер министрі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиналысында ИИР-дың дағдарыстан шығу және геноцидті тоқтатуға қатысты шешім жолдары, Израильді қолдап отырған АҚШ-тың жауапкершілігі туралы ұстанымын білдірді.  

Тегтер