Раиси: Иран Түркиямен сауда айналымын 30 млрд долларға жеткізуді көздеп отыр
Раиси Түркияны Иран үшін маңызды сауда-экономикалық серіктес деп атап: "Біз осы елмен сауда айналымын 30 млрд долларға жеткізуді көздеп отырмыз. Екі елдің әлеуеттерін ескерсек, бұл – қолжетімді меже",-деді.
Ибрахим Раиси сәрсенбі күні таңертең Түркия Президентінің шақыруымен Анкараға барар алдында берген сұхбатында: "Осы сапарда Иран мен Түркия арасында екіжақты қатынасты дамыту, әсіресе сауда-экономикалық мәселелерді шешу мақсатында келіссөздер өткізу үшін ортақ делегация құрылады",-деді.
Иран Президенті аймақтық мәселелерді Түркияға сапарының өзекті тақырыптарының бірі деп атап: "Барша мұсылмандар мен әлемнің бүкіл ояу адамдарын алаңдатқан маңызды аймақтық тақырыптардың бірі – Палестина мәселесі. Иран мен Түркия Палестина халқының қарсыласуын қолдауда ортақ ұстанымға ие",-деді.
Раиси Газаны бомбалауды тоқтатуға талпыныстар жасалып жатқанын айтып: "АҚШ пен Батыс елдерінің сионистік режимді қолдауы салдарынан әлі күнге дейін палестиналық әйелдер мен балалардың қырылып жатқанына куә болып отырмыз. Бұл соғыста Палестина жеңіп, сионистік режим жойылатынына кәміл сенемін",-деді.
Раиси: "Түркияға сапарда көңіл аударатын маңызды мәселелердің бірі - сионистік режимнің өмірлік маңызды тамырларын кесу. Сонда бұл режимнің Палестина халқына қарсы қылмыстарын тоқтатуға септігін тигізеді",-деді.