Раиси Түркияда тұратын ирандықтармен кездесуінде: Біз ел ішіндегі және сыртындағы ирандықтарды ажыратпаймыз
https://itolqyn.com/news/world-i75386
Иран Президенті Түркияда тұратын ирандықтармен кездесуде: «Біз сіздерге Иран азаматтары ретінде қараймыз және ел ішіндегі және сыртындағы ирандықтарды ажыратпаймыз. Сіздер де өзіңізді Иран азаматымын деп санап, ел азаматтары сияқты елдің өсіп-өркендеуі үшін еңбек етуіңіз керек»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 25, 2024 17:01 Asia/Almaty
  • Раиси Түркияда тұратын ирандықтармен кездесуінде: Біз ел ішіндегі және сыртындағы ирандықтарды ажыратпаймыз

Иран Президенті Түркияда тұратын ирандықтармен кездесуде: «Біз сіздерге Иран азаматтары ретінде қараймыз және ел ішіндегі және сыртындағы ирандықтарды ажыратпаймыз. Сіздер де өзіңізді Иран азаматымын деп санап, ел азаматтары сияқты елдің өсіп-өркендеуі үшін еңбек етуіңіз керек»,- деді.

 

Ибрахим Раиси сәрсенбі күні кешке Түркияға қысқа сапарының соңында осы елде тұратын бір топ ирандықпен кездесуінде хазірет Әлидің (ғ.с.) туған күнімен құттықтап, Иран мен Түркия қарым-қатынасын екі ұлт пен елдің тарихы мен ортақ сенімдеріне негізделген деп сипаттап: «Бүгінде қарым-қатынастарды кеңейту үшін қажет өте жақсы өзара мүмкіндіктерге қоса, екі ел басшыларының ерік-жігері де қарым-қатынастарды одан әрі тереңдету және нығайту болып табылады»,- деп айтты. Раиси сондай-ақ Иранның инвестициялық және экономикалық белсенділік үшін өте жақсы мүмкіндіктеріне тоқталып, шетелде тұратын ирандықтарды осы қуаттарды пайдалануға шақырды.